$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.04.2020, 10:53
Саясат

Гүлшара Әбдіхалықова басшылық еткен комитетке жаңа төраға келді

Бейбіт Мамраев - 2016 жылдан бастап Мәжіліс депутаты

Гүлшара Әбдіхалықова басшылық еткен комитетке жаңа төраға келді
фото: parlam.kz

Бейбіт Мамраев Мәжілістегі Әлеуметтік-мәдени даму комитетіне басшы болды. Мәжіліс депутаттары оның кандидатурасын қолдады.

Бұған дейін төменгі палатадағы комитетті жақында Қызылорда облысына әкім болып тағайындалған Гүлшара Әбдіхалықова басқарған болатын. Ал, Бейбіт Мамраев Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы болды.

Бейбіт Мамраев 1957 жылдың 05 ақпанында Қарағанды облысының Нұра ауданында дүниеге келген.

Ғылым докторы, профессор, академик.

Еңбек қызметін 1973 жылы Қарағанды облысының Чкалов атындағы совхоз жұмысшысы ретінде бастаған.

1980 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдап Қарағанды кооперативтік институтына оқытушы ретінде шақырылған.

1983-1986 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының Әдебиет кафедрасы аспиранты.

Диссертация қорғағаннан кейін Қарағанды университеттерінде оқытушылық қызметпен айналысқан, Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті болған.

1989 жылы ҚР Ұлттық ғылым академиясына ғылыми-зерттеушілік қызметіне көшкен. ҚР Ғылым академиясының М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында басшылық жұмыс атқарған. Қоса атқарушылық бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің профессоры болып жұмыс істеген.

2000-2004 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат басқармасы секторының меңгерушісі.

2004-2006 жылдары Ресей Федерациясындағы ҚР Елшілігінде Кеңесші-Уәкіл қызметін атқарған.

2006-2008 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы.

2008 жылдан 2012 жылға дейін «С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» РМҚК ректоры.

2012-2016 жылдары «Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК ректоры.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесі.

200 астам ғылыми басылымдардың авторы, оның ішінде шетел басылымдары.

Серіктес жаңалықтары