$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Президент Қатардың Power International Holding компаниясының иелерімен кездесті

Кездесуде энергетика және геологиялық барлау салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды

Президент Қатардың Power International Holding компаниясының иелерімен кездесті
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қатардың Power International Holding компаниясының иелері Рамез Әл-Хаят пен Муатаз Әл-Хаятты қабылдады, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Президент еліміздің Таяу Шығыстағы стратегиялық серіктесі саналатын Power International Holding компаниясы Қазақстан мен Қатар арасындағы экономикалық байланыстарды жолға қою ісіне тың серпін беретінін атап өтті.

Сонымен қатар кездесуде энергетика және геологиялық барлау салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы, девелопмент-жобаларды іске асыру, денсаулық сақтау бағыттарындағы қарым-қатынастардың перспективалары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы дамыту бойынша Қазақстанда кешенді шаралар қабылданып жатқанын және шетелден тікелей инвестиция тарту үшін барлық жағдай жасалғанын айтты.

Серіктес жаңалықтары