$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бауыржан Сыздықов ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі қызметіне тағайындалды

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады 

Бауыржан Сыздықов ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі қызметіне тағайындалды
Фото: primeminister.kz

ҚР Үкіметінің қаулысымен Бауыржан Мәдиұлы Сыздықов ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі қызметіне тағайындалады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Үкіметтің Telegram арнасына сілтеме жасап.

«ҚР үкіметінің қаулысымен Бауыржан Мәдиұлы Сыздықов ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалады», - делінген Үкімет хабарламасында.

Бауыржан Мәдіұлы Сыздықов 1973 жылғы 14 маусымда Шымкент облысы Бөген ауданы Задарья ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Қазақ Мемлекеттік медициналық университетін бітірген, гигиенист-эпидемиолог дәрігері, 2010 жылы Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғау академиясын бітірген, «командалық-штабтық оперативті-тактикалық азаматтық қорғаныс» мамандығы бойынша басқару саласындағы маманы, 2019 жылы Мәскеу қаласындағы «Синергия» Мәскеу қаржы-өнеркәсіп университетін бітірген, Құқықтану магистрі.

Еңбек өтілі:

  • 2001 мен 2009 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖ басқармасының аға офицері.
  • 2010 мен 2012 жылдар аралығында ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс департаментінің халық пен аумақты қорғау басқармасының бастығы.
  • 2012 мен 2014 жылдар аралығында ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы ТЖД бастығының орынбасары.
  • 2014 пен 2015 жылдар аралығында ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
  • 2015 пен 2019 жылдар аралығында ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
  • 2019 жылғы қараша айынан бастап ҚР ІІМ ТЖК Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
  • 2020 жылғы желтоқсан айынан бастап ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы.
Серіктес жаңалықтары