18.03.2020, 16:38
Саясат
Тоқаев пен Мирзиёев коронавируспен қалай күресіп жатқандарын айтты
Мемлекет басшылары телефон арқылы сөйлескен
Қазақстан және Өзбекстан президенттері коронавирус пандемиясының таралу жағдайын талқылап, осы індетке қарсы күреске байланысты қабылданған шаралар туралы ақпарат алмасты, деп хабарлады Akorda.kz.
Шавкат Мирзиёев қазақстандық әріптесінің дер кезінде қабылдаған шұғыл шешімдері мен нәтижелі іс-қимылдарын қолдайтынын айтты.
Президенттер жоғары деңгейде ықпалдастық орнату және екі ел Үкіметтерінің жұмыстарын үйлестіру жайын да келісті. Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық және гуманитарлық салалар бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін бірлескен жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығы туралы ортақ пікір айтылды.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді