ШұғылЕлімізде бір тәулікте 400 адам коронавирус жұқтырған

Депутаттардың іссапарға шығуына тыйым салынды

Бұл туралы Палата төрағасы Нұрлан Нығматулин мәлім етті

Бүгін Мәжіліс отырысында үш министр баяндама жасады. Депутаттар тарапынан сауалдар болған жоқ. Жалпы отырыстан соң Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин елімізде жарияланып отырған төтенше жағдай мен Нұр-Сұлтан қаласының карантинге жабылуына байланысты депутаттардың да жұмыс кестесі ауысатынын хабарлады.

«Елімізде төтенше жағдай жариялануына және қаламызда карантин жариялауға байланысты, Мәжілістің де жұмыс режимі өзгереді. Ертеңнен бастап Мәжіліс жұмысының басым бөлігі басқа форматта өтеді. Бұл әр азаматтың қауіпсіздігін сақтау үшін жасалатын шаралар, бәріміз түсінеміз және бұл шараларға жоғары жауапкершілікпен қарауымыз керек», - деді Нығматулин.

Осылайша, енді Мәжіліс депутаттары Парламент ғимаратына жалпы отырыс, комитеттер мен жұмыс топтарының отырысы болатын күні ғана келеді.

«Жалпы отырысқа негізгі баяндамашылар мен депутаттар ғана қатысу ұсынылады. Қалған уақытта депутаттар ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, қашықтан жұмыс істейді», - деді төраға.

Сонымен қатар, Мәжіліс уақытша кеңестер өткізбейді және азаматтарды қабылдамайды. Ең бастысы, Нұрлан Нығматулин атап өткендей, төтенше оқиға болып қалмаса, депутаттардың қызметтік және жеке іссапарларына қатаң тыйым салынды.

«Қазір Мәжіліс аппаратының 70 пайызы жалақысы сақтала отырып, қашықтан жұмыс істеп жатыр. Қалған 30 пайызы қысқартылған жұмыс күніне ауысты, олар Парламент ғимаратында сағат 16.00-ге дейін жұмыс істейді», - деп түйіндеді Нығматулин.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан

Сұхбат
Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ даласынан 1,3 млн жауынгер аттанған
Англия, Түркия, АҚШ елдеріндегі қазақтар жағдайды баяндады
Америкада маскасыз жүргендерге 1 мың доллар айыппұл салынады