$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.04.2023, 15:53
Саясат

Тұңғышбай Жаманқұлов Арыстанбек Мұхамедиұлының ісіне қатысты сотқа шақыртыла ма?

Арыстанбек Мұхамедиұлының ісіне қатысты сот Астанада өтіп жатыр

Тұңғышбай Жаманқұлов Арыстанбек Мұхамедиұлының ісіне қатысты сотқа шақыртыла ма?

Астана қаласы Байқоңыр аудандық №2 сотының судьясы Бағлан Ыдырысов бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен тергеліп жатқан экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының ісіне қатысты Тұңғышбай Жаманқұловты тергеу туралы өтінішті қанағаттандырған жоқ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Айта кетейік, бүгін сот отырысында Арыстанбек Мұхамедиұлымен қатар ісі қаралып жатқан тағы үш адам -  А. Ш. Нұразхан, А. Қ. Көшенов және А. Т. Сәдуақасованың адвокаттары осы іске қатысты Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловты шақыру туралы талап арыз түсірді. Өйткені, Мұхамедиұлының адвокаты Мұстақым Төлеев «Мұхамедиұлының ісінде саяси астар жоқ, Тұңғышбай Жаманқұлов одан кек алу үшін арыз түсірді» дегенді алға тартқан болатын.

Дегенмен, судья Бағлан Ыдырысов іске қатысты Тұңғышбай Жаманқұловты сотқа шақырып, тергеуге негіз жоқ екенін мәлімдеді. Яғни, адвокаттардың Жаманқұловты сотқа шақыру туралы талап арыздары қанағаттандырылған жоқ.

Серіктес жаңалықтары