Премьер-министрдің кандидатурасын «AMANAT» партиясы ұсынады
Саяси жауапкершілік сайлауда жеңіске жеткен партияға жүктеледі

Премьер-министрдің кандидатурасын «AMANAT» партиясы ұсынады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Мен Премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия Мемлекет басшысына ұсынуға құқылы деп айттым. Осы ретте саяси жауапкершілік те сол партияға жүктеледі. Бұл тәсіл «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасына сай келеді. Үкімет әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыруға тиіс. Болашақта Үкіметтегі және аймақтардағы басшылық қызметтерге түрлі партия өкілдерін тартқан жөн. Ол үшін саяси партиялардың кадрлық резервін жасақтауды ұсынамын. Сондай-ақ өкілді және атқарушы биліктің қарым-қатынасы жаңаша сипатқа ие болады», - деді Президент.