19.03.2023, 11:24
Саясат
«Ел тағдыры осы сайлау нәтижесіне байланысты болмақ»: Елнұр Бейсенбаев өз таңдауын жасады
Ол Астанадағы № 113 сайлау учаскесіне барды
«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев ҚР Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары сайлауында өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ол Елордадағы № 113 сайлау учаскесінде дауыс берді.
«Бүгін Әділетті Қазақстанды құру жолында маңызды қадам жасадық. Әрдайым дұрыс таңдау жасай білетін қоғам ғана алға басады. Сайлау бәсекелі, ашық форматта өтіп жатыр. Еліміздің тыныштығы мен берекесін арттыру үшін әр азамат, әр сайлаушы сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасауы керек деп ойлаймын. Ертеңгі ел тағдыры осы дауыс беру нәтижесіне байланысты болмақ. Сондықтан Қазақстан халқы мемлекеттің алдағы 5 жылдағы даму бағытын айқындауы тиіс», – деді ол.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)