$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Халық таңдау жасау арқылы болашағын анықтайды – сарапшы

Сарапшы мәслихат депутаттығына үміткерлердің үгіт-насихат жұмысы туралы айтты

Халық таңдау жасау арқылы болашағын анықтайды – сарапшы

Қазақстандық қоғамдық даму институты басқарма төрағасының орынбасары Әсем Қайдарова Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бұл сайлау бұрынғыдан өзгеше. Мажоритарлы сайлау бойынша кандидаттардың шығуы белсенді. Бұл үміткерлерге де, халыққа да мол мүмкіндік береді. Кандидаттардың арасында танымал тұлғалар бар. Сондай-ақ жаңа партиялардың шығуы да жаңа мүмкіндік деп білемін», - деді Әсем Қайдарова.

Сарапшы мәслихат депутаттығына үміткерлердің үгіт-насихат жұмысы әлсіз болғанын айтты.

«Мәслихат депутаттарыны жұмысын халық дұрыс түсінбейтін сияқты. Өзімнің сайлау учаскемде Мәжіліске түсіп жатқан кандидаттар белгілі азаматтар болса, мәслихат депутаттығына үмікерлерді білмейді екенмін. Олардың тарапынан үгіт-насихат жұмысы жеткіліксіз болды. Үміткерлер халыққа жергілікті бюджеттің жұмсалуы бойынша көбірек ақпарат беруі керек еді»,-деді ол. 

Ол елімізде халықтың көңілінен шығуды көздейтін саяси партиялар мен депутат болуға үміткерлер дәл осы сайлау аяқталғаннан кейін көп күттірмей келесі сайлауға дайындалуы керек деген ой айтты.

«Халық таңдау жасау арқылы болашағын анықтайтынын түсінуі керек. Ал кандидаттар сайлау біткеннен кейін ертесі күні-ақ келесі сайлауға саяси үгіт-насихатқа дайындықты бастау керек. Шетелдегідей үнемі дайындық үстінде жүруі керек. Сол кезде оларды халық танитын болды.  Шетелде партиялар жылдар бойы жүргізеді: электоратты зерттейді, имидж қалыптастырады. Сайлауға деген саяси үгіт-насихат ол үздіксіз процесс, екі-үш айдың ішінде аяқтай салатын кезең емес. Біздің саяси партияларға осы жетіспей жатады», - деді Әсем Қайдарова.

Айта кетейік, бүгін қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды.

Серіктес жаңалықтары