$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 8 ақпанда аяқталады

Кандидаттарды ұсыну бүгін басталды

Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 8 ақпанда аяқталады
Фото: inform.kz

Орталық сайлау комиссиясының алғашқы отырысында Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатын үміткерлерге қойылатын талаптар айталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Парламент Мәжілісінің депутаттарына қойылатын талаптар:

  • ҚР азаматтығы
  • Соңғы 10 жылда ҚР аумағында тұруы
  • Кем дегенде 25 жаста

Ал сот іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған; сотталғандығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған; сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам кандидат бола алмайды.

Мәслихат депутаттары бойынша барлығы 223 мәслихат, оның ішінде 3 415 мандат бар.

  • Облыстық – 20 мәслихат, 668 мандат
  • Қалалық – 37 мәслихат, 617 мандат
  • Аудандық – 166 мәслихат, 2 130 мандат

Мәслихат депутаттығына кандидаттарға қойылатын талаптар:

  • ҚР азаматтығы
  • Жасы 20 жастан кем емес

Ал сот іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған; сотталғандығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған; сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам кандидат бола алмайды.

Айта кетерлігі, партиялық тізімдер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға жүктеледі. Ал мажоритарлық, яғни бірмандаттық аумақтық сайлау бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ, өзін-өзі ұсынатын азаматтарға тиесілі.

Кандидаттарды ұсыну 2023 жылғы 20 қаңтарда басталып, 2023 жылдың 8 ақпанында сағат 18:00-де аяқталады.

Серіктес жаңалықтары