Халық банк басшысының ұлы Павлодар облысы әкімінің орынбасары болды

Автор: Azattyq Rýhy

Сәкен Шаяхметов - Президенттік кадр резервіне енген 300 адамның бірі

фото: pavlodar.gov.kz

Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып Сәкен Бейімбетұлы Шаяхметов тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ол 1990 жылы 2 мамырда Алматы қаласында өмірге келген. АҚШ-тың Техас университетінде (The University of Texas) «Мұнай-газ ісі» және «Экономика» мамандықтары бойынша тәмамдаған. МВА дәрежесін Қытай-Европа халықаралық бизнес мектебінде (China Europe International Business School) алған, сондай-ақ, құқық пен дипломатия саласындағы гуманитарлық ғылымдар магистрі (The Fletcher School of Law and Diplomacy, Tufts University).

Оқу кезінде жыл сайын Chevron (АҚШ), J.P. Morgan (Ұлыбритания), Citibank (Алматы), World Bank (АҚШ) сынды компанияларда арнайы ақылы тағылымдамадан өткен.

Оқи отырыңыз: Атырау әкімінің ұлы, «Халық банк» төрағасының тұңғышы - Президенттік кадр резервіне енгендер

Еңбек жолын 2011 жылы Атырау облысындағы «Болашақ» зауытында механиктің көмекшісі болып бастады. 2012-2014 жж. Caspi Meruerty Operating Company B.V. компаниясында экономист болып қызмет етті. Кейін, 2017 жылға дейін магистратура бойынша білім алды.

2017 жылы мемлекеттік қызметке түсті. 2017-2018 жж. Шаяхметов ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ал 2018 жылдың желтоқсанынан бастап ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған.

Сәкен Шаяхметов Президенттік жастар кадрлық резервінің үздік үштігіне енді.

Шаяхметов инвестициялар, кәсіпкерлікті және арнайы экономикалық аймағын дамыту мәселелерімен айналысады.