$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.12.2019, 18:00
Саясат

Атырау әкімінің ұлы, «Халық банк» төрағасының тұңғышы - Президенттік кадр резервіне енгендер

Кадрлық резервке іріктеу 5 кезеңнен тұрды, оған 13 212 үміткер қатысты

Атырау әкімінің ұлы, «Халық банк» төрағасының тұңғышы - Президенттік кадр резервіне енгендер
Фотода: Махамбет Досмұхамбетов, Үміт Шаяхметова және Нұрмұхамбет Әбдібеков

Жақында Pkrezerv.kz сайтында Президенттік жастар кадр резервіне енген 300 кандидаттың тізімі жарияланды. Олардың арасында жас ғалымдар, мемлекеттік қызметтегі дарынды жастар, қоғам белсенділері және жас бизнесмендер бар. Тіпті, жоғары лауазымда жүрген әкім, банк төрағасы, бұрынғы әкімнің ұлдары бар. Енді Мемлекет басшысы кадрлық резервке енген «бақытты жастарды» әртүрлі мемлекеттік лауазымдарға, квазимемлекеттік секторға, жауапты қызметтерге басшы етіп қояды.

Кадрлық резервке іріктеу 5 кезеңнен тұрды. Оған 13 мыңнан астам үміткер қатысып, 5 кезең бойынша таңдаушы 300 адам іріктелді. Толық тізімді сілтемеден көре аласыз. Ал, біз бүгін «бақытты тізімге» енгендердің бір парасы жайлы ақпарат бермекпіз.

Болат Досмұхамбетов – «Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС бас директоры, жақында ғана Атырау облысының әкімі болған Махамбет Досмұхамбетовтың ұлы;

Сәкен Шаяхметов – «Қазақстан халық банкі» АҚ басқарма төрағасы Үміт Шаяхметованың ұлы;

Азат Әбдібеков – KazAlumni жастар қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі, Қазақстан Кәсіподақтары федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмұхамбет Әбдібековтің ұлы.

Ренат Бектұров – «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасының қаржы директоры;

Ернұр Рысмағамбетов – «АХҚО әкімшілігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстанның «100 жаңа есімі» құрамында бар.

Илья Теренченко – «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;

Әнуар Нұртазин – жас ғалым, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті химия және экономика мұғалімі. Қазақстанның «100 жаңа есіміне» енген;

Айбек Сағынаев – Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының жобалық менеджментті дамыту орталығының жетекшісі;

Нұржан Мақсатов - Ақтөбе облысының индустриялды-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің индустриялық даму бөлімінің жетекшісі;

Максим Споткай – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының лидері;

Медет Дүйсембаев – QazTech Ventures басқарма төрағасының орынбасары;

Жүсіп Жұмағұлов – Нұр-Сұлтан қаласындағы әлеуметтік даму департаменті басшысының орынбасары;

Саятбек Оразбеков – Алматыдағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде оқытушы;

Серик Ахметов - «Құрық порты» ЖШС бас директоры;

Әбділда Шәменов - «Технологияларды коммерцияландыру жөніндегі кәсіпқойлар альянсы» ҚБ Президенті;

Мақсат Нүриденұлы - «Альфа-Банк» басқарушы директоры;

Қайрат Райымқұлов - Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары;

Нариман Абсаметов - «Tau-Ken Mining» ЖШС-да инвестициялық департамент директоры;

Нұрхан Тілеумұратов - Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары

Анжелика Парсегова – Денсаулық сақтау министрлігі заң қызметі департаментінің директоры;

Ержан Өтебаев – «Бәйтерек девелопмент» АҚ инвестициялық жобалар дирекциясының директоры.

Тілектес Адамбеков – «Астана Innovation» АҚ-да инвестиция бойынша басқарушы директор.

Әлім Баялиев - Халықаралық түркі Академиясы халықаралық қатынастар орталығының директоры;

Асхат Оралов – Павлодар облысы әкімінің орынбасары;

Нұралы Бөкейханов - Қазақстанның сыртқы сауда палатасы басқарма төрағасының орынбасары;

Айбек Әлмұхаметов – «Faceon» ЖШС және «Самұрық тобы» ЖШС жетекшісі;

Бауыржан Омарбеков – Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі;

Саят Батпенов - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты, елордалық триатлон федерациясының бас хатшысы;

Бекжан Әлімқұлов - «Ару-Тас» ЖШС директоры;

Асат Нурпеисов – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ корпоративтік қаржы департаменті директоры;

Қуаныш Елікбаев – Еуразия экономикалық комиссиясында департамент директорының орынбасары;

Алмат Ақышов – ШҚО-дағы Ұлан ауданы әкімі аппаратының жетекшісі;

Әлібек Жанахметов – «Aldina Capital» бас директоры;

Жансұлу Мақажанова – Премьер-министр кеңсесінде бас консультант;

Серіктес жаңалықтары