$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.12.2019, 18:47
Саясат

Дариға Назарбаева мәслихаттарда әйелдер санын арттыруды тапсырды

Сенат спикері мұны аймақтарды аралайтын депутаттарға міндеттеді

Дариға Назарбаева мәслихаттарда әйелдер санын арттыруды тапсырды

Дариға Назарбаева 2020 жылдың басында депутаттардың аймақтарға іссапарға аттанатынын айта келіп, алдағы жұмыстарға сенаторлардың назарын аударды.

«Сіздерге қазақстандықтармен кездесіп, олардың ұсыныстарын тыңдап, жағдайларын біліп, мүдделері мен үміттерін қолдау жүктелген. Бұл маңызды әрі жауапты миссия. Сіздердің міндеттеріңіз - халыққа Парламент қабылдаған кейінгі заңдар күшіне енгенде 1 қаңтардан бастап қандай оң өзгерістер болатынын қарапайым тілде түсіндіру», - деді жоғарғы Палата Төрағасы.

Дариға Назарбаева аймақтарға сапар барысында сенаторларға төмендегі мәселелерге ерекше назар аударуды тапсырды.

«Ақшалай жәрдемақыдан басқа, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына кепілді әлеуметтік пакетке сәйкес: азық-түлік, киім, оқу құралдарын беру қарастырылған. Жергілікті билік оны қамтамасыз етуге қаншалықты дайын, осыны білу керек», - деді ол.

 Сондай ақ, сенатор  жергілікті өзін өзі басқару ұйымдарында әйелдердің  санын арттыруды тапсырды.

«Жергілікті өзін-өзі басқару органдары. Олар іс жүзінде қалай жұмыс істейді, жеке бюджетті басқаруға қаншалықты дайын, осыны зерттеу керек. Жергілікті басқару органдарында мүмкіндігінше әйелдер санын арттыру мәселесі де маңызды міндет»,- деді Назарбаева.

 

Серіктес жаңалықтары