$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.02.2020, 21:57
Саясат

Арыстан Қабыкенов жаңа қызметке тағайындалды

Ол бұған дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары болды

Арыстан Қабыкенов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: primeminister.kz

Арыстан Қабыкенов ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

«ҚР премьер-министрінің өкімімен Қабыкенов Арыстан Кенжетайұлы Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада.

Арыстан Қабыкенов 1980 жылы 11 қазанда Жезқазған қаласында дүниеге келген. 2002 жылы Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, 2004 жылы - КИМЭП, 2012 жылы Ноттингем университетін (Ұлыбритания) тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы жекеменшік секторда бастаған. 

2004-2006 жылдары Қаржы министрлігінде түрлі лауазымдарда болды. 2006–2008 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Макроэкономикалық талдау және бағдарламалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарды. 2008-2011 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеді.

2011–2015 жылдары ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық жобалар және талдау орталығында, Өңірлік даму министрлігінде, сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігінде қызмет еткен. 

2015–2016 жылдары ҚР премьер-министрі кеңсесінің басшысының орынбасары болған.

2016 жылдың қазан айынан бастап 2018 жылғы қаңтар айына дейін Қазақстанның Жапониядағы елшілігінің кеңесшісі қызметін атқарған.

2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму вице-министрі болып қызмет етті. 

2019 жылдың наурыз айынан қазірге дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары лауазымында болды.

Серіктес жаңалықтары