$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.11.2022, 17:38
Саясат

Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімін қабылдады

Кездесу соңында Президент өңір экономикасын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімін  қабылдады. Президентке Қарағанды облысының биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп берілді. Сондай-ақ, аймақтың өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және инвестиция тарту салалары қарқынды дамып келе жатқаны туралы баяндалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 3,1 триллион теңгені (1,5 пайызға артқан) құрады. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс  көрсеткіші 6,3 пайызға артты. Облыс экономикасына 522,2 миллиард теңге инвестиция тартылды (8,5 пайызға көбейген), оның басым бөлігі (92 %) жеке инвестицияға тиесілі. 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында 414,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,7 пайызға көп.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына Қарағанды облысының автомобиль жолдарын дамыту, халықты сумен қамтамасыз ету жөнінде мәлімет берілді. Жеңіс Қасымбек «АрселорМиттал Теміртау» компаниясындағы жағдай туралы да баяндады.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев өңір экономикасын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
 

Серіктес жаңалықтары