$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.02.2020, 11:57
Саясат

Ұлттық Банк қазақстандықтар депозитте қанша қаражат жинағанын хабарлады

Жинақтың басым бөлігі ұлттық валютада сақталған

Ұлттық Банк қазақстандықтар депозитте қанша қаражат жинағанын хабарлады

Былтыр халықтың депозитте жинаған қаржысы 9,3 трлн теңгеден асты. 12 айда салым көлемі 7,8 пайызға өскен. Қазақстандықтардың таңдауы – негізінен жедел салым, - деп хабарлайды kursiv.kz.

«Ұлттық Банктің ақпараты бойынша, депозиттердің 5,4 трлн теңгесі немесе  бүкіл салымның 58,2%-ы ұлттық валютада жинақталған. 2018 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 4 пайызға өскен. Доллар және еуромен сақталған жинақ көлемі 3,8 трлн теңгені немесе 41,8%-ы құрайды», - деп жазады портал.

Депозит түрлері бойынша алсақ, бірінші орында жедел жинақтар тұр. Олардың үлесі  – 86,1 пайыз. Қаражаттың қалған бөлігі қажет болған кезде бірден шешіп алатын депозит пен ұзақ мерзімді салымдарда жинақталған.

«Бас банктің дерегі бойынша, 2019 жылдың желтоқсанында теңгемен сақталған жедел салымдардың ең жоғары пайыздық мөлшерлемесі 9% болып белгіленген. Егер бұл көрсеткішті ай сайын қадағалап отырсақ, онда ол 2019 жылдың қаңтарындағы 10,2%-дан  – желтоқсан айында 9%-ға дейін төмендегенін байқауға болады. Шетел валютасындағы  жедел депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі 1,5%-дан 1,4%-ға дейін төмендеді», - делінген жазбада.

Жеке салымдар бойынша аймақтардың арасында Алматы және Нұр-Сұлтан көш бастап тұр.

Серіктес жаңалықтары