$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.02.2020, 10:48
Саясат

АҚШ конгресі Дональд Трамптың Иранға қарсы өкілетін шектеді

АҚШ сенаты бұл жөнінде  арнайы қарар қабылдады

АҚШ конгресі Дональд Трамптың  Иранға қарсы өкілетін шектеді

АҚШ президенті Дональд Трамп енді конгрестің рұқсатынсыз Иранға қарсы әскери іс-қимылды өз бетімен бастай алмауы мүмкін. Өйткені АҚШ конгресінің сенаты оның өкілеттілігін шектеу жөнінде арнайы қарар мақұлдады.

Бірқатар әлемдік БАҚ-тың хабарлауынша, қарарға  Конгрестің 55 мүшесі  жақтап дауыс берсе, 45-і қарсылық білдірген. Сонымен қатар, құжатты демократтардан басқа республикалық партияның 8 мүшесі қолдаған.

Енді қарарды АҚШ өкілдерінің палатасы қарайды. Дональд Трамптың өзі  қарарға қарсылық білдірді. Ақ үй қожайыны мұны «демократияның әлсіздігінің көрінісі» деп есептейтінін айтты.

Иран мен  АҚШ-тың  арасы 3 қаңтарға қараған түні шиеленісіп кеткен. Себебі АҚШ арнайы операция кезінде Иранның «Әл-Кудс» күштерінің қолбасшысы генерал Қасем Сулейманиді атып өлтірген болатын. Бұл соққыға жауап ретінде Тегеран Американың Ирактағы әскери базаларына зымыранмен соққы жасаған еді.

 

Серіктес жаңалықтары