$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.10.2022, 08:56
Саясат

Украинаның Қазақстандағы елшісін елден шығаруды талап еткен Ресей Ермек Көшербаевты СІМ-ге шақырды

Бұған дейін Украина елшісі ресейліктерге қатысты ауыр мәлімдеме жасаған болатын

Украинаның Қазақстандағы елшісін елден шығаруды талап еткен Ресей Ермек Көшербаевты СІМ-ге шақырды
Фотоколлаж

Ресей Сыртқы істер министрлігі Қазақстаннан Украинаның елшісі П.Ю.Врублевскийдің шығарылуын талап етіп отыр. Мұндай мәлімдеме аталған ведомствоның ресми сайтында жарияланған деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Ресей тарапы Врублевскийдің Қазақстанда әлі күнге дейін қызметін жалғастырып келе жатқанына наразылығын білдіріп, біздің елші Ермек Көшербаевты осы мәселеге байланысты жауап беруге шақырған.

Еске салайық, П.Врублевский қазақстандық блогерлердің бірімен болған видеосұхбат кезінде Ресей халқын қыруға шақырған еді. Қоғамда туған наразылықтан кейін ол кешірім сұраса, тағы біраз уақыттан кейін Киевке кететінін мәлімдеген.

«Өкінішке қарай, ол Астанаға қайта келмейді деген уәде орындалған жоқ. Аталған тұлға Қазақстан астанасында қайта пайда болды. Жай ғана пайда болған жоқ, ол дипломатиялық жұмысын жалғастырып жатыр», - делінген РФ СІМ-нің мәлімдемесінде.

Осы жағдайға байланысты биыл 4 қазанда Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев Сыртқы істер министрлігіне шақыртылып, оған Ресей тарапы өз наразылығын білдірген.

Серіктес жаңалықтары