$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.02.2020, 12:39
Саясат

Бақауов ісі бойынша жаңа фактілер анықталуда – Агенттік

Жемқорлыққа қарсы агенттік өкілі Бақауов ісіне қатысты толық ақпарат келесі аптада болатынын жеткізді

Бақауов ісі бойынша жаңа фактілер анықталуда – Агенттік
фото: matritca.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов ісіне қатысты жаңа фактілер анықталып жатқанын айтты.

«Бақауов ісімен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ұлттық қауіпсіздік қызметі айналысып жатыр. Іс тергеу сатысында. Қазір ол бойынша қосымша фактілер анықталып, күдіктілер тобы айқындалуда. Толық комментарий келесі аптада болады», - деді ол.

Еске салайық, 15 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовты ұстап, ол туралы «Бақауов лауазымын асыра пайдаланған» деген ресми мәлімдеме жасады. Ал, 17 қаңтарда Павлодар қалалық мамандандырылған тергеу соты Бақауовтың екі айға уақытша қамауға алынғанын хабарлады.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары