$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.02.2020, 22:53
Саясат

Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімін қабылдады

Архимед Мұхамбетов Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады

Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, Президент тапсырмаларының орындалуы туралы есеп берілді.

Архимед Мұхамбетов өңірдегі тұрғын үй құрылысының, соның ішінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына арналған баспаналар салудың  оң қарқыны, көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету үшін қабылданған шаралар, сондай-ақ, арнайы техника мен автомобильдер шығару жөніндегі маңызды индустриялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы баяндады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік бағаларының өсуіне жол бермеу шараларын қабылдаудың маңызды екенін атап өтіп, Арқалық Жылу энергиясы орталығын қайта қалпына келтіру жұмыстарын тезірек аяқтауды тапсырды. 

Серіктес жаңалықтары