$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.02.2020, 11:05
Саясат

Тоқаев Мюнхен конференциясына қатысады

Сапар аясында бірнеше мемлекеттің басшыларымен кездесу өткізу жоспарланған

Тоқаев Мюнхен конференциясына қатысады
фото: Тоқаевтың Берлинге сапарынан, 2019 жылдың 5 желтоқсаны

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 14-16 ақпан аралығында Қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясына қатысу үшін Мюнхен қаласына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Сапар бағдарламасы бойынша Президент Мюнхен қауіпсіздік конференциясының панельдік пікірталасына қатысады және бірнеше мемлекеттің басшыларымен, халықаралық ұйымдардың, Германияның ірі компанияларының жетекшілерімен, сондай-ақ, академиялық топтардың өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланған», - делінген хабарламада.

Аталған іс-шараға 40-қа жуық мемлекет басшылары, 100-ден астам сыртқы істер және қорғаныс министрлері, халықаралық қатынастар саласындағы беделді сарапшылар қатысады.

Қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясы – ең ірі жаһандық бейресми форумдардың бірі. Конференцияда қазіргі заманның көкейтесті сын-қатерлері мен қауіптері талқыланады.

Серіктес жаңалықтары