Тоқаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрін қабылдады

Бейбіт Атамқұлов мембағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы баяндады  

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» және Индустрияландыру бағдарламаларының жүзеге асырылуы туралы баяндалды.  

Кездесу барысында тұрғын үй құрылысына, соның ішінде аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды, жастарды баспанамен қамтамасыз ету мәселелеріне баса мән берілді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа көлік саласын дамыту, автомобиль жолдарын қайта жөндеу және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қабылданған шаралар туралы мәлімет берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент мемлекеттік бағдарламаларды сапалы жүзеге асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. 

Загрузка новостей...
Сұхбат
Нұр-Сұлтандық полиглоттың тіл үйретудегі құпиясы
«Сергек» қожайыны жоба туралы бар шындықты айтты
Қазақстан ЖОО-ларында 17 мыңға жуық Өзбекстан азаматы білім алып жүр