$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.06.2022, 13:07
Саясат

АҚШ Украинаға жаңа әскери көмек бөлді

Жаңа көмек бойынша Украинаға «Химмарс» деп аталатын дүркіндетіп ататын реактивті жүйе, зеңбірек оқтары және патрульдік қайықтар жіберіледі

АҚШ Украинаға жаңа әскери көмек бөлді
Фото: ашық дереккөзден

АҚШ Украинаға 450 миллион доллар көлемінде жаңа әскери көмек бөлетінін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі "Хабар24"-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық байланыс жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби мәлімдеді. Жаңа көмек бойынша Украинаға «Химмарс» деп аталатын дүркіндетіп ататын реактивті жүйе, зеңбірек оқтары және патрульдік қайықтар жіберіледі.

Бұл көмек Украинаға қару-жарақты жеңілдетіп жеткізуге мүмкіндік беретінен ленд-лиз бағдарламасына жатпайды. Жалпы, АҚШ Украинада қарулы қақтығыс басталғалы Киевке 6 миллиард доллардан астам әскери көмек көрсеткен.

Серіктес жаңалықтары