$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.06.2022, 16:58
Саясат

Тоқаев шахматтан әлем чемпионы Малика Зиядинді құттықтады

Мемлекет басшысы шахматшының әрдайым жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектестік білдірді

Тоқаев шахматтан әлем чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы  жас әлем чемпионы Малика Зиядинге құттықтау хатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев  ФИДЕ-нің ең жас чемпионы атанған Малика Зиядинді құттықтады.

"Жеті жасқа дейінгі бүлдіршіндер арасында өткен сайыста жоғары деңгейде өнер көрсетіп, екі бірдей атақты иеленуің – Қазақстанның шахмат тарихында бұрын-соңды болмаған жетістік. Сен тума талантың мен жеңіске деген ерік-жігеріңнің арқасында осындай биік белесті бағындырдың. Өзің ізін басып келе жатқан қазақстандық шахмат шеберлерінің даңқты жолын лайықты жалғастыратыныңа кәміл сенемін", – деп жазылған Президенттің құттықтау хатында.

Мемлекет басшысы Малика Зиядиннің әрдайым жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектестік білдірді.

Серіктес жаңалықтары