23.06.2022, 11:04
Саясат
Серік Қожаниязов Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды
Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады
Фото: primeminister.kz
ҚР Үкіметінің қаулысымен Серік Салаватұлы Қожаниязов Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Серік Қожаниязов 1965 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Кузбасс политехникалық институтын, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1989 жылы жөндеу-механика зауытында инженер-технолог болып бастаған.
Әр жылдары жеке меншік секторында жұмыс істеген.
- 2001-2005 жылдары — Қызылорда облысы әкімі аппаратының индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі.
- 2005-2007 жылдары — Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры.
- 2007-2008 жылдары — Қызылорда қаласының әкімі.
- 2008-2014 жылдары ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
- 2014-2019 жылдары — Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі.
- 2019 жылдан 2021 жылғы қаңтарға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.
- 2021 жылғы қаңтардан қазіргі таңға дейін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі лауазымында болды.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады