$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.01.2020, 13:06
Саясат

Наурызда Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді

Саяси кеңестің кеңейтілген отырысына Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп күтіледі

Наурызда Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді

Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа отырысында партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлім етті.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Қазақстан-2050 мақсаттарына мемлекет пен қоғамның жемқорлыққа қарсы бірлескен күресі арқылы қол жеткізуге болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күресті өзінің сайлау алды бағдарламасының басты бағыты ретінде айқындады. Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Nur Otan партиясының басымды бағыттарының бірі», - деді алқа отырысында сөз алған Байбек.

Оның айтуынша, 2014 жылы партияның саяси кеңесіндегі қоғамдық талқылаудан соң, 2025 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы қабылданған.

«Кейіннен бағдарлама Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізі болды. Nur Otan партиясының 2019 жылдың 21 тамызындағы кеңейтілген саяси кеңесінде ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қоғамда жемқорлыққа мүлде төзбеушілікті қалыптастыру жөніне міндеттер қойды.

Партия мен оның органдарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстың форматы мен әдістерін жақсарту жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Партияның барлық деңгейдегі ресурстары қоғамда жалпы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Партия тұрақты негізде жұртышлықыт қатыстыра отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесін өз алаңдарында жариялы түрде талқылайды», - дейді ол.

Бауыржан Байбек алқа отырысында хабарлағандай, Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кезекті кеңейтілген отырысы алдағы наурыз айында өтеді деп күтілуде.

 «Биыл  наурызда Елбасының қатысуымен Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізіледі. Қаралатын мәселелердің бірі ретінде– партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және партияішілік тәртіпті сақтау бойынша жұмыс қаралады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі партиялық бағдарламаның бірінші кезеңінің жүзеге асырылу қорытындысы жарияланады. Ағымдағы жылы біз партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының 2025 жылға дейінгі екінші кезеңін іске асыруды бастаймыз», - деді Бауыржан Байбек.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр—Сұлтан

Серіктес жаңалықтары