$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.01.2020, 14:27
Саясат

Елбасы Түркия халқына көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Елбасы Түркия халқына көңіл айтты
GETTY IMAGES

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының президенті Реджеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Елбасы Түркияның Элязыг және Малатья провинцияларында болған қатты жер сілкінісі салдарынан 20 шақты адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Осындай қиын сәтте қаза тапқандардың туыс-туғандарына, сондай-ақ бүкіл Түркия халқына ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін», - делінген жеделхатта.

Еске салсақ, 24 қаңтар күні кешкі уақытта Түркияның Элязыг және Малатья провинцияларында қуаты 6,8 балдық жер сілкінісі болған еді. Соңғы мәліметтерге қарағанда, зілзала салдарынан 20 адам қаза тапқан.

Серіктес жаңалықтары