$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.01.2020, 09:11
Оқиғалар

Түркиядағы жер сілкінісінен 18 адам қаза тапты

Түркия президенті жағдайды өз бақылауына алғанын мәлімдеді

Түркиядағы жер сілкінісінен 18 адам қаза тапты

Түркияның шығысындағы Малатье және Элязыг провинцияларында болған жер сілкінісінен 18 адам қаза тауып, 553 адам зардап шекті. Бұл туралы Түркия ІІМ басшысы Сүлейман Сойлу мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.   

РИА Новости басылымының жазуынша, магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі жұма күні сағат 20.55 шамасында Элязыг провинциясындағы Сивридже қаласы маңында болған.   

«Элязыг провинцияларында 13 адам, Малатьеде 5 адам қаза тапты. Медициналық көмекке жүгінгендер мен ауруханаға жеткізілгендер саны 553 адам болды», – деді Сүлейман Сойлу тілшілерге.

Төтенше жағдайлар агенттігінің мәліметінше, зілзала болған аумақта 28 провинцияның 500-ге жуық құтқарушылар тобы жұмыс істеуде. Жер сілкінісі болған аймаққа 1689 шатыр, 1656 кереует және 9200 көрпе жеткізілген. Ұялы байланыс операторлары Элязыг және Малатье провинцияларында тегін қызмет қосылғанын хабарлады.

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған жағдайды өз бақылауына алғанын мәлімдеді. Ол жер сілкінісі зардаптарынан арылу үшін барлық қажетті шаралардың қабылданатынын айтты. 

Серіктес жаңалықтары