25.01.2020, 05:51
Оқиғалар
Ақтөбеде тұрғын үй өртеніп, 52 адам эвакуацияланды
Өрттен 8 адам құтқарылды
Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД
Ақтөбеде тұрғын үйде шыққан өрттен 8 адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт туралы ақпарат 23 қаңтар күні сағат 13:52-де келіп түскен.
«Өрт тұрғын үйдің төртінші қабатындағы электрқалқаннан шыққан. Кейбір пәтер тұрғындары өз беттерінше эвакуацияланған. Кішкентай баласы бар әйелдер пәтерлерінде қамалып қалған. Қатты түтін болғандықтан, олар үйден шыға алмаған», - деп жазылған хабарламада.
Өртті сөндіруге 20 адам мен 4 техника қатысты. Тұрғын үйден 52 адам эвакуацияланды, олардың 13-і балалар. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды
01.10.2026, 17:31
«Бақ сүйсін маңдайыңнан»: Димаштың әкесі қызына арнап шығарғанын әнін жариялады (ВИДЕО)
02.10.2026, 00:37
«Төрт жыл күрескен»: Танымал тележүргізуші қайтыс болды