Партияның атауы ауысса да, бізді біріктіретін құндылықтар өзгермейді – Алматы қалалық мәслихатының хатшысы
Канкуров ел тұрғындарын Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларын қолдауға шақырды

Қоғам өзгеріп жатыр. Қоғаммен бірге партия да өзгеріске ұшырады. Алматы қалалық мәслихатының хатшысы, «AMANAT» партиясының өкілі Станислав Канкуров бүгін қалада өтіп жатқан митингте осылай деді.
Хатшы ел тұрғындарын Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларын қолдауға шақырды.
«Қазақстан өз дамуының жаңа кезеңіне аяқ басты. Біздің алдымызда Жаңа Қазақстанды құру міндеті тұр. Оның бағыт-бағдары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында анық көрсетілді. Мен азаматтарды реформаларға қолдау білдіріп, оны жүзеге асыруға белсене атсалысуға шақырамын!
Қоғам өзгеріп жатыр. Қоғаммен бірге партия да өзгеріске ұшырады. Біз «AMANAT» партиясының ішкі трансформациясын жүзеге асырып жатырмыз. Партияның атауы ауысса да, бізді біріктіретін құндылықтарымыз, ортақ ұстанымдарымыз, келешекке бағдарымыз өзгермейді», - деді ол.
Айта кетейік, Алматыда «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен митинг өтіп жатыр. Жиынның басты мақсаты – ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жолдауында жарияланған саяси реформалар бағдарламасын қолдау.