Бірлікке шақыру популизм емес, қажеттілік – Айдос Сарым

Azattyq Rýhy

Алматыда Президенттің саяси реформаларын қолдауға арналған митинг өтті

Бірлікке шақыру популизм емес, қажеттілік – Айдос Сарым

Саясаттанушы, Мәжіліс депутаты Айдос Сарым халықты бірлікке, саяси күштерді әріптестікке шақырды. Алматыда өтіп жатқан митингте сөз сөйлеген депутат бірлікке шақырудың қазір популизм еместігін айтты.

Айта кетейік, «AMANAT» партиясының Алматы қалалық филиалы ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жолдауында жарияланған саяси реформалар бағдарламасын қолдау мақсатында митинг өткізді.

«AMANAT» партиясы қоғамның саяси модернизациясының басында тұруы тиіс. Ашықтық, әділдік пен халық үніне құлақ асу – партия жұмысының жаңа қағидаты. Қазіргі таңда бірлікке шақыру популизм емес, қажеттілік. Мен үшін Тәуелсіздік пен бостандық – абсолютті құндылық. Біз барлық қоғамдық-саяси күштерді әріптестікке, бірге жұмыс істеуге, жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырамыз»

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.