Nur Otan «AMANAT» партиясы болып қайта тіркеуден өтті
Қазіргі уақытта тиісті брендбук дайындалып жатыр
Nur Otan партиясының кезектен тыс өткен XXII съезінде партия атауын «AMANAT» деп өзгерту бастамасы көтеріліп, оны Төраға Қасым-Жомарт Тоқаев мақұлдаған еді. Бүгін партия әділет органдарынан қайта тіркеуден өтті.
«Ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға толық сәйкес келеді. Қайта тіркеу «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» заңға және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізілді», - деп хабарлады «AMANAT» партиясының баспасөз қызметі.
Партияда атап өткендей, қазіргі уақытта тиісті брендбук дайындалып жатыр. Сондай-ақ партияның ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі аккаунттарын визуалды түрде жаңарту жұмыстары жүргізілуде.