Желтоқсанда басқа Қазақстанда ұйықтап, қаңтарда басқа мемлекетте ояндық - Қошанов
Мәжіліс төрағасы бас партия атауының өзгеруіне қатысты пікір білдірді
Желтоқсанда басқа Қазақстанда ұйықтап, қаңтарда басқа мемлекетте ояндық. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов партия атауы неге өзгерді деген сұраққа осылай жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
“Өмір өзгеріп жатыр. Қоғам өзгеріп жатыр. Желтоқсан айындағы жағдай мен бүгінгі қаңтардағы жағдайды қарасақ, біз басқа мемлекетте ұйықтап, одан басқа мемлекетте оянған сияқты болып тұрмыз. Шындықты айтайын, құрметті журналистер”,- деді ол мәжілістің жалпы отырысынан кейін бір топ журналистің алдынан кете алмаған ол.
Оның айтуынша, қазір қоғамның сұранысы өзгерген.
“Терракт мемлекетке жасалған үлкен шабуыл. Сондықтан, қоғам дүр сілкінді. Партия соған бейімделу керек. Партия өз алдына, қоғам өз алдына өмір сүре алмайды ғой!? Сондықтан, осының бәрін партия сараптадық, өңірлерге барған депутаттар да қоғамның осы сұранысын жеткізді”,-дейді Қошанов.
Естеріңізге сала кетейік, кеше, 1 наурыз күні Қазақстандағы “Nur Otan” партиясының аты “. AMANAT” деп өзгерген.