Орталық Азия мен Үндістанның тауар айналымы 2020 жылы 3 млрд долларға жетті

Әсел Оршыбекова

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия-Үндістан» саммитінде мәлім етті

Орталық Азия мен Үндістанның тауар айналымы 2020 жылы 3 млрд долларға жетті

Ауқымды Азия өңірі зор ресурстарға және үлкен зияткерлік әлеуетке ие. Мұнда маңызды көлік дәліздері мен жылдам дамып жатқан нарықтар шоғырланған. Азияның әлемдік экономикадағы рөлі айтарлықтай өсті. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия-Үндістан» саммитінде мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Президент Орталық Азияның инвестициялар мен капиталды тартудың жаһандық орталығына айналғанын айтып, бұл мемлекеттер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың қолайлы мүмкіндіктерін іске асыруға сеп болатындығын атап өтті.

«Ең алдымен, бұл саудаға қатысты. Орталық Азия мен Үндістанның тауар айналымы 2020 жылы 3 млрд долларға жетті. Бұл ретте Қазақстанның осы саудадағы үлес салмағы 80 пайызды құрады. Алайда, ағымдағы көрсеткіштер біздің жиынтық экономикалық әлеуетімізге әлі де сәйкес келмейді. Менің ойымша, «Орталық Азия – Үндістан» саммиті сияқты диалог алаңдарының жұмысы біздің елдеріміздің үдемелі дамуы үшін практикалық пайда әкеледі, сондай-ақ жаңа сын-қатерлер мен тәуекелдерге тиімді жауаптарды пысықтайды. Осыған байланысты нәтижелі пікір алмасудың осы бірегей форматы біздің мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге шығаруға ықпал ететініне сенімдімін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.