$ 518.07  595.21  6.37
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.01.2022, 11:06
Саясат

Мемлекет басшысы ертең «Орталық Азия – Үндістан» атты саммитке қатысады

Жиынға Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди бастамашы болды

Мемлекет басшысы ертең «Орталық Азия – Үндістан» атты саммитке қатысады
Фото ашық дереккөзден

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Үндістан» атты саммитке алғаш рет қатысатынын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ертең, 27 қаңтарда  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тарихта алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Орталық Азия – Үндістан» атты саммитке қатысады. Жиынға Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди бастамашы болды. Іс-шара онлайн форматта өтеді.

Көшбасшылар Орталық Азия елдері мен Үндістан арасындағы түрлі салалар бойынша ынтымақтастықты нығайтудың және кеңейтудің перспективаларын талқылайды.

Жиын қорытындысы бойынша «Орталық Азия – Үндістан» атты бірінші саммиттің Декларациясы қабылданады деп күтілуде», - деп жазды Берік Уәли.

Серіктес жаңалықтары