Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жауапкершілігі мол саяси қайраткер ретінде өзін көрсетіп жатыр – Айдар Әмребаев
Қазақстанның бірнеше қаласында 5 қаңтарға қараған түні террористік шабуылдар жасалып, ол бірнеше күнге созылды
Белгілі саясаттанушы Айдар Әмребаевтың айтуынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жауапкершілігі мол саяси қайраткер ретінде өз-өзін көрсетіп жатыр, - деп хабарлайды Astana телеарнасы.
Ел басына түскен бұл сынақ мемлекеттің тұрақтылығын сынауда. Сондай-ақ, ол Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен құқықтық мемлекеттіліктің дамуы моделін орынды қолданып жатқанын жеткізді.
«Мемлекетіміз тұрақталатынына мен кәміл сенемін. Президент өз қолына алып жаңа саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды әрі қарай жүзеге асыратынына сенуге болады. Біздің басшымыз бірінші күннен бастап нақты іс-шаралар жасап жатыр. Оның жалпы нәтижесін біз қазір байқап көріп жатырмыз» - деді Айдар Әмребаев, Саяси-зерттеу орталығының директоры.