$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.01.2022, 09:14
Саясат

Мемлекет басшысы 10 қаңтарды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады

Президент Жарлығы Ақорда сайтында жарияланды

Мемлекет басшысы 10 қаңтарды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады
Фото ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған қайғылы оқиғалардың салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты биылғы 10 қаңтарды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялау жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Президент Жарлығы Ақорда сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысының Жарлығында: «Террористік актілердің салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту жариялау туралы 2022 жылғы 08 қаңтар Қазақстан Республикасында жасалған террористік актілердің салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2022 жылғы 10 қаңтарда жалпыұлттық аза тұту жариялансын», - делінген.

 

Серіктес жаңалықтары