Еуропалық Одақ Ресейді ғарышта зымыранды сынақтан өткізгені үшін айыптады
Боррель: Ресейдің спутникке қарсы қаруды сынауы – жауапсыз мінез-құлықтың белгісі

Еуроодақтың Сыртқы істер жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррел Ресейдің спутникке қарсы қару сынақтарын қатаң түрде айыптады. Оның сөздерін ТАСС жеткізеді.
Еуропалық Одақ мұндай сынақтарды ғарыш кеңістігіндегі жауапсыз мінез-құлықтың айқын актісі деп атады.
Ресей Қорғаныс министрлігі 16 қарашада ғарыштағы зымыранның сынақтары туралы хабарлады. 1982 жылдан бері орбитада тұрған "Целина-Д" ғарыш аппаратын жарды. Қорғаныс министрлігі спутниктің сынықтары Халықаралық ғарыш станциясына және басқа спутниктерге қауіп төндірмейді деп сендірді.
Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу ескі спутниктің жарылғанын айтып, сынақтарды растады.
НАТО-да бұл сынақ Ресейдегі жаңа қару-жарақ жүйелерінің дамуының дәлелі болып табылатын ұқыпсыз әрекет деп аталды.