$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.11.2021, 07:10
Саясат

Польша көші-қон дағдарысына байланысты НАТО-дан көмек сұрайды

Саясаткерлер НАТО-ны шұғыл отырыс өткізуге шақырмақ

Польша көші-қон дағдарысына байланысты НАТО-дан көмек сұрайды
Фото ашық дереккөзден

Польша Литва мен Латвия билігі шекарасындағы миграциялық дағдарыстың ушығуына байланысты НАТО-дан көмек сұрамақ, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкийдің айтуынша, бұл жағдайға Альянстың араласуы және одақтастардың кеңесі қажет. Осыған орай саясаткерлер НАТО-ны шұғыл отырыс өткізуге шақырып, Солтүстік Атлантика келісімінің 4-бабына көшуін талап етеді. Оған сәйкес Келісуші елдердің аумактық тұтастығына, саяси тәуелсіздігіне қатер төнді деп есептеген жағдайда Альянсқа мүше елдер өзара ақылдасып, пікір алысады.

Қазір үш ел де шекарасындағы қауіпсіздікті күшейтіп жатыр. Польша Беларусьпен шектесетін аймаққа арнайы техника мен 15 мың әскер әкелді. Жуырда елге заңсыз өткен 50-ден астам босқынды тәртіп сақшылары Беларуське қайтарған. Олардың дені  Таяу Шығыс, Ауғанстан, Ирак пен Ираннан шыққан босқындар. Олар Германия мен Батыс Еуропа елдеріне өтуге тырысады.

 Ал Беларусь жағдайды өзінше түсіндіреді.

 «Бұл жерде көптеген елдер мен ұлт өкілдері бар. Шамамен 2 мыңға жуық адам. Жағдай өте қиын. Халық Еуропа аумағына өткісі келеді. Беларусь тарапы мигранттарға көмек көрсету үшін барынша тырысып жатыр. Лагерьлерге азық-түлік пен ауыз су жеткізіліп жатыр. Одан бөлек жылы киім, отын мен төсек орын таратылып жатыр», – дейді Беларусь мемлекеттік кеден комитеті төрағасының бірінші орынбасары Игорь Буткевич.

 

Серіктес жаңалықтары