$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.11.2021, 06:52
Саясат

Омбудсмен Саакашвилидің қан құса бастағанын айтты

Оған гастроэнтерологтың көмегі керек

Омбудсмен Саакашвилидің қан құса бастағанын айтты
Фото ашық дереккөзден

Жоғарғы Раданың адам құқықтары жөніндегі уәкілі Людмила Денисова Грузия Әділет министрлігінің экс-президент Михаил Саакашвилимен жүздесіп тұруға әлі рұқсат бермегенін айтты.

Жуырда Денисова өзінің Саакашвилиден хат алғандықтан Грузияға келгенін мәлімдеген еді. Әзірге ол саясаткермен кездесіп, денсаулығын тексере алмады, бірақ омбудсмен Саакашвилидің адвокаттарымен жүздесті. Дәрігерлер консилиумының мүшесі Нино Шарашенидзе бұрынғы президентке шұғыл түрде гастроэнтеролог көмегі қажет екенін айтқан.  Өйткені саясаткер қан құса  бастаған.

"Екі күн бойы дәрігерлер консилиумы Михаилге тиісті процедураларды өткізе алмай отыр", - деді Денисова.

Бұған дейін Грузиядағы тоғыз депутат Саакашвилиді қолдау үшін аштық жариялаған болатын.

 

Серіктес жаңалықтары