Қазақстан Қытай азаматтары үшін үш күндік визасыз режим енгізді
Қазақстан билігі Қытай және Үндістан азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз режим енгізді
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«2020 жылғы 1 қаңтар айынан бастап «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін Қытай Халық Республикасының және Үндістан Республикасының азаматтары үшін енгізілген Қазақстан Республикасына кірудің, онда болудың және одан кетудің 72 сағаттық визасыз режимі қолданылады», - делінген ведомство хабарламасында.
Қытай және Үндістан азаматтарының паспорттарына Шекара қызметі өткізу пункттерінде мөртаңбаkfh қойылып, Мемлекеттік шекараны кесіп өту уақыты көрсетіледі.