15.11.2021, 11:45
Саясат
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы тағайындалды
Ол еңбек жолын 2004 жылы жеке компанияда жабдықтау жөніндегі менеджер лауазымынан бастаған
ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Самат Серікқанұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Самат Ерғалиев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Д. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясын, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
- Еңбек жолын 2004 жылы жеке компанияда жабдықтау жөніндегі менеджер лауазымынан бастады.
- 2012-2018 жылдары «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» РМҚК түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
- 2018-2020 жылдары — «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директоры. 2020 жылғы сәуір-қараша аралығында – «Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысының міндетін уақытша атқарушы; міндетін атқарушы.
- 2020 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін «Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысы болды.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды