$ 517.84  543.11  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.11.2021, 01:19
Саясат

Байден Трамп басшылығы кезінде АҚШ-тың Париж климаттық келісімінен шыққаны үшін кешірім сұрады

Бірақ ол өзін кешірім сұрауға міндетті емеспін деп санайды

Байден Трамп басшылығы кезінде АҚШ-тың Париж климаттық келісімінен шыққаны үшін кешірім сұрады
Фото ашық дереккөзден

АҚШ президенті Джо Байден Глазгодағы Климаттық саммитте Американың бұрынғы басшысы Дональд Трамптың Париж климаттық келісімінен шыққаны үшін әлемдік көшбасшылардан кешірім сұрады, деп хабарлайды CNN.

"Мен кешірім сұрамауым керек деп ойлаймын, бірақ мен АҚШ-тың бұрынғы Әкімшілігінің Париж келісімінен шығып, бізді қауіпті жағдайға душар еткені үшін кешірім сұраймын", - деді Америка президенті.

Оның айтуынша, төрт-бес жыл бұрын американдықтар климаттың өзгеретініне мүлдем сенбеген еді, бірақ кейіннен климаттық өзгерістерді  көріп, оның алдын-алу шараларының өзекті екенін түсінді.

Байден АҚШ-тың  келісімге қаңтар айында қосылатынын мәлімдеді.

Саммит барысында ол климаттың өзгеруі адамзаттың өміріне қауіп төндіретінін және бұл мәселеде әрекетсіздіктің құны өсіп келе жатқанын айтты.

Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) мәліметтері бойынша, мемлекеттер жер бетіндегі температураның өсуіне жол бермеу үшін жеткілікті шаралар қабылдамайды. ХВҚ басқарушы директоры Кристалина Георгиева егер 2030 жылға қарай жаһандық саясат тұтастай өзгермесе, шығарындылар көлемі жер бетіндегі орташа температураның өсуіне жол бермеу үшін қажетті деңгейден едәуір жоғары болатынын айтты.

Серіктес жаңалықтары