Грета Тунберг әлемдік көшбасшылардың бос сөзді тоқтатуын талап етті
Ол Глазгодағы наразылық акциясына қосылып, әлемдік көшбасшылардың сөзін жалған деп айыптап отыр

Шведтік экоабелсенді Грета Тунберг әлемдік көшбасшыларды климаттың өзгеруіне қатысты еш әрекет жасамады деп айыптады және олардың бос сөзді деп тоқтатуын сұрады. Бұл туралы британдық "Evening Standart" газеті хабарлады.
Ол мұндай мәлімдемені қазіргі уақытта Климаттық саммит өтіп жатқан Шотландияның Глазго қаласындағы наразылық акциясы кезінде жасады. Тунбергтің пікірінше, саясаткерлер жай ғана климаттың өзгеруі мен адамзаттың болашағы туралы алаңдайтындай кейіп танытуда.Ол саммиттен кейін ешқандай өзгерістің болмайтынына сенімді.
Экобелсенді әлемдік көшбасшыларды нақты әрекетке көшуге шақырды.
"Біз бұдан былай бос сөздің жүрмейтінін, енді адамдарды, табиғатты және планетаны қанауға жол берілмейтінін мәлімдейміз",- деді Тунберг.
Наразылық білдірушілерге арнаған сөзінде ол жас белсенділер климаттың өзгеруі мәселесін шешудің кілті екенін атап өтті.