Ресейлік газсыз Еуропаға энергетикалық кедейлік қаупі төнуі мүмкін

Azattyq Rýhy

Чехия Премьер-министрі: «Біз қазірдің өзінде Ресейдің табиғи газына тәуелдіміз»

Ресейлік газсыз Еуропаға энергетикалық кедейлік қаупі төнуі мүмкін
Фото ашық дереккөзден

Егер еуропалық саясаткерлер Ресей газының транзиттік қуатын бұғаттауды жалғастырса, Еуропа тұрғындарына энергетикалық кедейлік қаупі төнуі мүмкін. Бұл ұстанымды Чехия премьер-министрі Андрей Бабиш Глазгода өткен БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (COP26) тараптарының 26-шы конференциясында айтты, деп хабарлайды Газета.ру.

"Орынсыз заңдар мен алыпсатарлыққа байланысты шығарындыларға ұлттық квоталардың бағасы бақылаудан шығып, электр энергиясының қымбаттауына әкелді. Табиғи газ бағасының тез өсуі (оның құны негізінен мемлекеттердің энергия тұтынуының артуына байланысты) көптеген еуропалықтарға энергетикалық кедейлік қаупін төндіруі мүмкін",  - деп түсіндірді Бабиш.

Ол осы уақытта еуропалық саясаткерлердің Ресеймен келіссөздер жүргізудің орнына Ресейге тәуелді болып қаламыз деген қорқыныштан OPAL және Nord Stream-2 газ құбырларының транзиттік қуаттарын бұғаттап отырғанын атап өтті.

"Ханымдар мен мырзалар, бұл сіз үшін жаңалық сияқты көрінуі мүмкін, бірақ біз қазірдің өзінде Ресейдің табиғи газына тәуелдіміз", - деп түйіндеді сөзін Чехия премьер-министрі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.