22.10.2021, 05:37
Саясат
Иранның жасырын түрде уран байытатынын көрсететін ақпарат жоқ
Бұл туралы МАГАТЭ басшысы Рафаэль Гросси айтты
Фото ашық дереккөзден
«Менде Иранның жасырын түрде уран байытатынын растайтын ешқандай ақпарат жоқ», - деп мәлімдеді МАГАТЭ басшысы.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) басшысы Рафаэль Гроссимен келіссөздер жүргізіп, оның аясында Иранды талқылаған болатын. Дегенмен, Гросси МАГАТЭ-нің Ирандағы жағдайды саналы түрде бақылау мүмкіндігіне күмән келтірмейтінін атап өтті. "Мен инспекциялық жүйенің онда не болып жатқанын анықтау қабілетіне сенім артамын", - деп қосты ол.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
