$ 538.33  626.99  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.10.2021, 15:31
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға ресми сапармен барады

Келіссөздерде сауда-экономикалық серіктестігін нығайтудың перспективалары қарастырылмақ

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға ресми сапармен барады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша 24-25 қазанда Түрікменстанға мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сапар барысында екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізеді деп жоспарланған. Келіссөздерде сауда-экономикалық, көлік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан мен Түрікменстанның стратегиялық серіктестігін нығайтудың перспективалары қарастырылмақ. 

Сонымен қатар өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікірлер ортаға салынады. Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады деп күтілуде», - деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Серіктес жаңалықтары