ШұғылЕлімізде коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді

Тоқаев көрнекті дипломат Вячеслав Ғиззатовтың отбасына көңіл айтты

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады

 

Фото: ҚР СІМ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті дипломат Вячеслав Ғиззатовтың туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында жазды.

«Вячеслав Хаменұлы үлкен өмірлік және кәсіби жолдан өтті. Ол Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуына елеулі үлес қосты. Еліміздің мүддесін шетелде абыроймен қорғады. Сыртқы істер саласында зор беделге және құрметке ие болған Вячеслав Ғиззатовты жас дипломаттар үлгі тұтты. Ол өзінің сіңірген қажырлы еңбегінің арқасында мемлекеттік наградалармен және медальдармен марапатталды. Вячеслав Хаменұлының жарқын бейнесі туыстары мен жақындарының, достары мен әріптестерінің жадында мәңгі сақталады», – делінген жеделхатта.