$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.08.2021, 14:28
Саясат

Еуроодақ Ауғанстанмен көршілес елдерге көмек беруге дайын

Қазақстан билігі Ауғанстан босқындары туралы шешім қабылдаған жоқ

Еуроодақ Ауғанстанмен көршілес елдерге көмек беруге дайын
Жозеп Боррель, ЕО өкілі

Еуроодақ босқындар легіне байланысты Ауғанстанмен көршілес елдерге көмектесуге уәде берді. Бұл туралы Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты бойынша жоғары өкілі Жозеп Боррель мәлімдеді.

«Ауғанстанмен көршілес елдерге барған босқындар саны артты. Еуроодақ мемлекеттерге бұл жағдайдың салдарын еңсеруге қолдау көрсетуге дайын», - деді ол.

Еске салайық, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш барлық елді Ауғанстаннан босқындарды қабылдауға және оларды депортациялаудан аулақ болуға шақырды.

Ал, ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысының Ауғанстан босқындарын қабылдау туралы шешім қабылдамағанын мәлімдеді.

«Президент Ауғанстан босқындары туралы шешім қабылдаған жоқ. Бұған қатысты тараған ақпарат негізсіз. Дүниежүзілік ұйым басшылығы ресми өтініш білдірген жағдайда БҰҰ қызметкерлеріне ғана көмек көрсетілетін болады», - деп жазды ол.

Серіктес жаңалықтары