$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.08.2021, 16:40
Саясат

Тоқаев Ауғанстан босқындарын қабылдау туралы шешім қабылдамаған

Мұндай көмек Дүниежүзілік ұйым басшылығы ресми өтініш білдірген жағдайда БҰҰ қызметкерлеріне ғана көмек көрсетіледі

Тоқаев Ауғанстан босқындарын қабылдау туралы шешім қабылдамаған
фото: AP / Rahmat Gul

Әлеуметтік желілерде Қазақстанға Ауғанстанның 70 000 азаматы келеді деген қауесет тарады. Ақпаратта хабарланғандай, алғашқы 500 адам ұшақпен Шымкент әуежайына қонған, алдағы күндері тағы 1500 адам келеді екен.

Осы жағдайға қатысты ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жауап беріп, Мемлекет басшысының мұндай шешім қабылдамағанын мәлімдеді.

«Президент Ауғанстан босқындары туралы шешім қабылдаған жоқ. Бұған қатысты тараған ақпарат негізсіз. Дүниежүзілік ұйым басшылығы ресми өтініш білдірген жағдайда БҰҰ қызметкерлеріне ғана көмек көрсетілетін болады», - деп жазды ол.

Еске салайық, «Талибан» содырлары Ауғанстан астанасы Кабулға шабуыл жасап, ел билігін толықтай өз қолындарына алғанын жариялады. Жексенбіде Ауғанстан президенті Ашраф Ғани қантөгісті болдырмау үшін елден кеткенін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары